Алматы қ., Достық даңғылы, 132, 1-қабатМаршрут құруДс–Сн 9:00–20:00

Алматыдағы стоматология: тістерді емдеу және протездеу, тіс имплантациясы

Бүкіл отбасыға арналған стоматология

  • Күлкіңіздің саулығы — 20 жылдан астам тәжірибесі бар дәрігерлердің бақылауында
  • Кепілдігі бар ең заманауи диагностика және емдеу технологиялары

Алғашқы консультация және тексеруТегін

KaspiЫңғайлы төлем
Kaspi жүйесі арқылы

Алақандағы тіс моделі
  1. > 50 000 сау тіс

    2017 жылдан бері мыңдаған пациентті емдеп, 5 000-нан астам имплант орнаттық. 2ГИС пен Google Business-те пікірлердің 95%-ы оң.

  2. Еуропалық стандарттар

    Еуропалық хаттамалар бойынша жұмыс істейміз. Командамызда көпжылдық тәжірибесі бар жоғары санатты дәрігерлер бар. Жылына бірнеше рет біліктілігімізді арттырамыз. Әр пациенттің денсаулығына жеке тұрғыдан қараймыз.

  3. Жылы шырайлы атмосфера

    Жұмыс кестеміз ыңғайлы: ДС–СН сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін. Кез келген ыңғайлы тәсілмен төлей аласыз: қолма-қол ақша, карта, Kaspi, бөліп төлеу және несие.

Арнайы ұсыныстар

  • Имплантация мен емдеуді бөліп төлеу

    Әр нақты жағдайдағы құнның толық есебін тегін консультацияда имплантолог дәрігер жасап береді.

    Жоқ тістердің орнын толтырудың заманауи емшарасы енді қолжетімдірек!

    Толығырақ
  • Тістің кәсіби гигиенасы

    Кәсіби гигиена стоматологиялық аурулардың 80%-ының алдын алады! Тек 6 айдан соң қайта түзілетін тіс тасы мен қақты алып тастап, тіс щеткасын ұсыну жеткіліксіз — пациентке күтім құралдарын дұрыс таңдап беріп, жүргізілген тазалаудың нәтижесін қалай сақтау керектігін үйрету маңызды.

    Толығырақ
  • Тіс жегісін бұрғысыз емдеу

    Баланың тісіндегі дақтар — тек косметикалық мәселе емес, тіс жегісі дами бастағанының алғашқы белгісі. Осы сатыда тіс тінінің зақымдануын емдеу үшін Icon технологиясы қолданылады. Ол бормашинаны қолданбай-ақ патологиялық үдерістің әрі қарай таралуын тоқтатуға мүмкіндік береді. Осылайша, Icon әдісімен тіс жегісін емдеу баланы ауырсынудан 100% арылтады.

    Толығырақ
  • Тісті ағарту

    Ауыз қуысының тазалығына мән беретін және кеңінен, еш қысылмай күлгісі келетін жандардың көбі стоматологиялық кабинеттерде тісті ағарту емшарасынан әртүрлі ауыртпалықсыз әрі жайлы тәсілдермен талай рет өткен. Ал бұл туралы алғаш рет ойланып жүрсеңіз, күмәнданбаңыз: бұл емшара күлкіңіздің бұрынғы әдемілігі мен өзіңізге деген сенімділікті қайтаруға көмектеседі және көп қаражат жұмсатпайды. Біздің клиника тісті қауіпсіз ағартуға кепілдік береді — заманауи Beyond Polus аппаратында.

    Толығырақ
  • Дәрігер консультациясы

    Назар аударыңыз!

    Клиникамызға жүгінген кезде дәрігердің алғашқы консультациясы тегін!

    Консультацияға арналған телефон:

    +7 (727) 220-00-50+7 (701) 962-80-80 WhatsApp

  • Бізбен байланысыңыз

    Қазақстан, 050051, Алматы қ., Достық даңғылы, 132.

    reception@dentalpark.kz+7 (701) 962-80-80

  • Төлем тәсілдері

    Клиникамызда Visa және Mastercard жүйелерінің дебеттік те, кредиттік те пластик карталары төлемге қабылданады.

    Сондай-ақ алдын ала шот алып, оны қолма-қол ақшасыз аударыммен төлей аласыз.

Алматыдағы DentalPark клиникасының ресепшеніDentalPark клиникасының холлы

Алматыдағы стоматология – DentalPark клиникасында сенімді емдеу

Алматыдағы стоматологиялық қызметтердің толық спектрі

Алматыдан сенімді стоматологиялық клиника іздеп жүрсіз бе? DentalPark – Сізді тәжірибелі дәрігерлер, озық жабдықтар және жеке көзқарас күтіп тұрған заманауи стоматология. Біз ересектер мен балаларға арналған қызметтердің толық спектрін ұсынамыз:

Біздің DentalPark клиникасында Сізді жайлылық, ауыртпалықсыз емшаралар және қолжетімді бағалар күтеді. Қабылдауға жазылып, өзіңізге денсаулық пен сенімділік сыйлаңыз!

Толығырақ

Неліктен біз?

  • Заманауи жабдықтар
  • Әр пациенттің денсаулығына жеке көзқарас
  • Қолжетімді бағалар
  • Жоғары білікті мамандар
  • Қызметтердің жоғары сапасы
  • Несие рәсімдеу мүмкіндігі

Біздің бағалар

Консультация және диагностика4 қызмет
  • Алғаш келген пациентті тексеру және консультацияТегін
  • Бір тістің нысаналы диагностикалық суреті5 000 ₸
  • Панорамалық сурет5 000 ₸
  • 3D компьютерлік томография15 000 ₸
Терапиялық стоматология4 қызмет
  • Уақытша пломба5 000 ₸
  • Тіс жегісін емдеу25 000 ₸-ден бастап
  • Пульпитті емдеу35 000 ₸-ден бастап
  • Периодонтитті емдеу45 000 ₸-ден бастап
Ауыз қуысының гигиенасы3 қызмет
  • Vector аппаратымен ауыз қуысының кешенді гигиенасы70 000 ₸
  • AirFlow профилактикалық тіс тазалау (2 жақ)35 000 ₸
  • AirFlow профилактикалық тіс тазалау (1 жақ)20 000 ₸
Тісті ағарту2 қызмет
  • BEYOND Polus Advance жүйесімен ағартуBEYOND Polus Advance оттегі жүйесі әлемдегі ең үздік жүйе деп танылған. Мінсіз нәтиже – бұл тек жылдам ағарту ғана емес, жағымсыз салдарлардың толық болмауы да.120 000 ₸
  • Флюорозды емдеу60 000 ₸
Винирлер1 қызмет
  • Винир орнату (1 тіс)135 000 ₸-ден бастап
Тіс протездеу3 қызмет
  • Металл-керамикалық тәж80 000 ₸
  • Металсыз тәж120 000 ₸
  • Құлыпты бекіткіштері бар бюгельді протез150 000 ₸
Хирургиялық стоматология4 қызмет
  • Тіс имплантациясы300 000 ₸-ден бастап
  • Күрделі тіс жұлу (ретенцияланған тіс, «ақыл тісі»)25 000 ₸-ден бастап
  • Ерін жүгеншегін түзету35 000 ₸
  • Тіл жүгеншегін түзету35 000 ₸
Ортодонтия (тістемді түзету)5 қызмет
  • Стоматолог-ортодонт консультациясы5 000 ₸
  • Балаларға арналған ортодонтиялық пластинкалар800 000 ₸-ден бастап
  • Брекет-жүйелермен тістемді түзету (1 жақ)125 000 ₸-ден бастап
  • Өздігінен лигирленетін брекеттер (1 жақ)300 000 ₸-ден бастап
  • Элайнерлер400 $-дан бастап

Үздік технологиялар

  • ORTHOPHOS XG 3D

    ORTHOPHOS XG 3D

    Қарау
  • Классикалықтан «көрінбейтінге» дейінгі брекет-жүйелер

    Классикалықтан «көрінбейтінге» дейінгі брекет-жүйелер

    Қарау
  • Микрореставрацияға арналған жоғары берік керамика

    Микрореставрацияға арналған жоғары берік керамика

    Қарау
  • Inlab (SIRONA)

    Inlab (SIRONA)

Пациенттердің пікірлері

Пікірлер орыс тілінен аударылған.

  • DentalPark клиникасында маған тіс тазалау жасап, тіс жегісін емдеді. Тісімді емдеген дәрігер — Расул Балабекович. Өз жұмысын өте мұқият әрі сабырлы атқарады. Клиниканың өзі өте жайлы, жарық, жабдықтары жаңа. Қызметкерлері сыпайы әрі әрдайым күлімдеп жүреді. Барлығына осы клиникаға баруды ұсынамын. Қолжетімді бағамен еуропалық сапа!

    Динара
  • Біз бұл клиникаға бүкіл отбасымызбен 10 жылдан бері барамыз. Өте ризамыз: бағасы да, сапасы да, көңіл бөлуі де — бәрі жоғары деңгейде! Барлығына ұсынамыз. Мұнда дүниедегі ең ықыласты әрі мейірімді дәрігерлер жұмыс істейді!

    Борис
  • Бұл клиникада қызымның тісін емдеттік (онымен ұзақ әуре болдық). Бірнеше клиниканы араладық, суретке қарап бәрі қалыпты деді, ал баланың ауырсынуы басылмады. Кейін белгілі болғандай, пломба салынғанына 2 ай да толмай, пломбаның астында тіс жегісі дамып кетіпті :( (оның үстіне бұл тұрақты тіс, балам 10 жаста). Мураттың қабылдауына түстік — мұқият, сабырлы дәрігер, жұмысын тез әрі сапалы істейді. Клиника жаңа, кәсіби жаңа жабдықтармен жарақталған, таза әрі жайлы, қызметкерлері жағымды. Маған ұнады, ең бастысы — қызымның бәрі жақсы. Тіл-көз тимесін. Қатты-қатты ұсынамын!

    Татьяна
  • Мураттың қолы алтын. Оның үстіне ол — үлкен жүректі, аса мейірімді Адам! 2006 жылдан бері бүкіл отбасымызбен Мураттан тіс емдетеміз. Сол кезде, 12 жыл бұрын, жас маман болса да, ол керемет дәрігер еді. Әрқашан барлығына ұсынамын

    Айгуль

Бізді қалай табуға болады

Мекенжай
Алматы қ., Достық даңғылы, 132-үй,
Жолдасбеков көшесінің қиылысы
Жұмыс уақыты
Дс–Сн 9:00–20:00
Маршрут құру

Қоңырауға тапсырыс беру

Телефон нөміріңізді қалдырыңыз — клиника әкімшісі Сізге қайта қоңырау шалады.