Алматыдағы стоматологиялық клиника
Стоматология медицина саласы ретінде тістеріміздің саулығы мен әдемілігін сақтауда және өмірімізді жақсартуда маңызды рөл атқарады. Егер Сіз Алматыда тұрсаңыз және сенімді стоматолог іздесеңіз, DentalPark – мықты тістер мен жарқын күлкіге апаратын сенімді жолыңыз.
DentalPark – барлық жастағы пациенттерге кең ауқымды қызметтер ұсынатын заманауи стоматологиялық клиника. Ол озық әдістер мен технологияларды қолдана отырып, жоғары сапалы стоматологиялық көмек көрсету мақсатында құрылған. Клиника кәсіби медициналық қызметкерлерінің, пациенттерге ықыласты көзқарасының және заманауи жабдықтарының арқасында жақсы беделге ие болды.
Тістеріңіздің сау болғанын, тістеміңізді түзетуді немесе брекет қойғызуды қалайсыз ба? Тістеріңізді ауыртпай емдейтін лайықты клиника іздеп жүрсіз бе? Әлде балаңызды балалар стоматологына қайда апарарыңызды білмейсіз бе? Онда Алматыдағы DentalPark стоматологиялық клиникасы – дәл Сізге керегі!
DentalPark клиникасында стоматология саласындағы жоғары білікті мамандар командасы жұмыс істейді. Дәрігерлеріміздің көпжылдық тәжірибесі бар және олар ең жақсы көмек көрсету үшін біліктілігін үнемі арттырып отырады. Әр пациент жеке көзқарас пен білікті кеңес алады, сондай-ақ емдеу мен диагностиканың ең озық әдістеріне қол жеткізеді.
Клиникамыз бағасымен, қызмет сапасымен және ең жаңа жабдықтарымен Сізді жағымды таң қалдырады. Әр пациентке жеке көзқараспен қараймыз. Мамандарымыз кез келген бюджетке сай шешім табады.
Ауыртатын емдеуді ұмытыңыз – ол баяғыда өткенде қалды! DentalPark клиникасында стоматолог креслосында өзіңізді жайлы әрі қауіпсіз сезінуіңіз үшін барлық жағдай жасалған.
DentalPark стоматологиялық қызметтердің толық кешенін ұсынады. Клиникада түрлі бағыттар бойынша кеңес алып, ем қабылдауға болады:
- Тістерді емдеу
- Тіс жұлу
- Протездеу (цирконий тәждер, винирлер)
- Брекет-жүйелер
- Ересектер мен балаларда тістемді түзету
- Тістің панорамалық рентген суреті
- Тіс импланттау
- Тістің компьютерлік томографиясы (КТ)
Клиникамызда мына мамандар бар:
- Стоматолог-ортопед
- Стоматолог-хирург
- Пародонтолог
- Ортодонт
- Балалар стоматологы
- Стоматолог-терапевт
DentalPark клиникасында тіс жегісі мен оның асқынулары емделеді. Сондай-ақ бізде тістерді ағартып, кәсіби тазалаудан өтуге болады. Тістеріңіз әдемі болып, күлкіңіз жарқырай түседі. Протездеуде керамика, металлокерамика және цирконий диоксиді қолданылады. Біз тек сапалы импланттарды қолданамыз!
Жабдықтарымыз бен командамыз
DentalPark – үздік стоматологтар жұмыс істейтін бірінші дәрежелі стоматологиялық клиника. Командамыз ғажайып жасап, Сізді бақытты ете алатын кәсіпқойлардан құралған. Білікті мамандарымыздың мол тәжірибесі бар, олар ең күрделі жағдайлардың өзін шеше алады. Олар семинарларға, конференциялар мен симпозиумдарға қатысып, біліктілігін үнемі арттырып отырады. Балалармен жұмыс істегенде балалар психологиясының негіздерін қолданамыз. Тәжірибелі стоматологтарымыз балалармен тіл табысып, оларды өздеріне баурай біледі.
Клиникадағы барлық емдеу кабинеттері заманауи, жоғары сапалы жабдықтармен, стерилизаторлармен және ORTHOPHOS XG 3D аппаратымен жабдықталған. Клиникада ең озық әдістемелер қолданылады, олар – клиникамыздың мақтанышы.
Біз ауыртпайтын әрі қауіпсіз емдеуге кепілдік береміз. Тістер тек аса қажет болған жағдайда ғана жұлынады. Инновациялық жабдықтарды қолдана отырып, біз әрқашан тістерді мүмкіндігінше сақтап қалуға тырысамыз. Білікті дәрігерлеріміз жансыздандыруды жеке таңдайды. Біз үшін ең маңыздысы – көмек сапасы. Барлық құралдар мұқият стерильденіп, залалсыздандырылады.
DentalPark клиникасында тіс протездерін жасау процесін автоматтандыратын заманауи цифрлық CAD/CAM технологиясын қолданамыз. Конструкция компьютерлік бағдарламада модельденеді, содан кейін CNC фрезерлік станогында өңделеді. Түрлі материалдар қолданылады, соның ішінде цирконий, титан, шыны керамика және басқалар.
Пациенттерге ыңғайсыздық тудыратын құю әдісімен тәж жасаудың дәстүрлі тәсілі әлдеқашан өткенде қалды. CAD/CAM арқылы жасалған заманауи тәждер әлдеқайда дәл. Протез жасау үшін дәрігерге бір рет келу жеткілікті. Қаласа, пациент жасау процесін басынан аяғына дейін көре алады.
CAD/CAM кез келген пішіндегі жоғары дәлдікті күрделі конструкцияларды жасауға мүмкіндік береді. Ауыз қуысын сканерлеу кезінде ешқандай ыңғайсыздық сезілмейді. Протездік конструкциялар біршама тез жасалады, оларды түрлі металдардан жасауға болады.
Тіс протезін жасау бірнеше кезеңнен тұрады:
- Дайындық.
- Ауыз қуысын сканерлеу.
- Модельдеу.
- Фрезерлеу.
- Жылтырату.
CAD/CAM мүмкіндіктері үнемі кеңейіп, жетілдіріліп келеді. Бұл технология стоматологияда жаңа дәуірдің бастамасы болды деп сеніммен айтуға болады.
Ең жаңа жабдықтар тістерді кешенді әрі сапалы емдеуді қамтамасыз етіп, қауіпсіздік, жайлылық және сенімділік сезімін береді.
Клиникамызға жүгінген әрбір адам өз мәселесін шешуге қажеттінің бәрін алады. Ықыласты қызметкерлер, көмектесуге деген шынайы ниет және тиімді ем – пациенттерімізді осылар күтіп тұр.
Неліктен DentalPark?
- Жоғары білікті мамандар командасы
- Заманауи әдістер
- Жоғары деңгейлі жабдықтар
- Ыңғайлы орналасу
DentalPark стоматологиялық клиникасы: стоматологияның жаңа форматы.
DentalPark – Алматыдағы сенімді стоматологиялық серіктесіңіз. Мамандарымыз сау әрі әдемі күлкіге қол жеткізіп, оны сақтап қалуға қуана көмектеседі. Кәсіби әрі мейірімді стоматологиялық көмек алу үшін бізге келіңіз. Сіздің жарқын күлкіңіз – біздің мақтанышымыз!
Алғашқы консультация және тексеру — тегін
Алматы қ., Достық даңғылы, 132, 1-қабат · Дс–Сн 9:00–20:00
